Еуроодақ Сирияға 722 млн доллар бөлмек
Еуроодақ Сирияға 722 млн доллар бөлмек. Сома елді соғыстан кейін қалпына келтіруге және гуманитарлық көмек жеткізуге бағытталады. Бұл жөнінде Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен, Дамаскіге сапарында мәлімдеді. Былтыр Еуроодақ елдері 2011 жылы Сирияның бұрынғы басшыларына қарсы жарияланған экономикалық санкцияларды алып тастады. Енді тараптар жаңа саяси ынтымақтастық бағдарламасын іске қоспақ. Кездесу барысында Урсула фон дер Ляйен Алеппо қаласында үкімет күштері мен күрд жасақтары арасындағы қақтығыстың өршуіне алаңдаушылық білдірді. Соңғы мәліметтерге сай, тәртіпсіздіктер жайлаған қаладан 140 мың тұрғын үйлерін тастап кеткен.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18