Венесуэла мен АҚШ елшіліктерді қайта ашуға ниетті
Венесуэла мен АҚШ дипломатиялық қарым-қатынасты қайта қалпына келтіруге ниетті. Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес, мәселе қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Бұдан бұрын Каракасқа АҚШ мемлекеттік департаментінің қызметкерлері сапар шеккен. Мақсат - Венесуэладағы елшілікті қайта ашу мүмкіндіктерін бағалау. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 2019 жылы үзілген еді. Ал АҚШ президенті Венесуэла бизнес жасауға ашық деп мәлімдеді. Мұны Ақ үй басшысы елдің ірі энергетикалық компанияларының жетекшілерімен кездесуде айтқан. Трамп әлеуметтік желіде Венесуэланың мұнай саласына 100 млрд доллар инвестиция құюға ниетті екенін жазды.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17