«QazTrade»: Қазақстанның түркі елдеріне экспорты $7,6 млрд-қа жетті
Қазақстанның түркі елдеріне экспорты $ 7,6 млрд-қа жетті. «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығының ресми мәліметіне сәйкес, былтыр Қазақстан мен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы тауар айналымы 10,4 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 11 пайызға жоғары. Өсімнің негізгі үлесі экспортқа тиесілі. 17 пайызға артып, 7,6 млрд долларды құраған экспорт бидай, мыс, мұнай, күнбағыс майы, металл өнімдері, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені мен тамақ өнеркәсібі өнімдерін жеткізу есебінен өскен. Ал импорт керісінше 2,8 млрд долларға дейін төмендеді. Бұл динамика түркі елдерінің нарықтарында қазақстандық өнімге тұрақты сұраныс бар екенін көрсетеді.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01