Премьер-министр сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен кездесті. Жиында инфляцияға қарсы күрес, отандық өндірісті ұлғайту, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру, ЖИ-ді дамыту үшін электр энергиясын өндіру, инвестициялар тарту, экономиканы дамыту мәселелері талқыланды. Салық реформасын талқылау кезінде өтпелі кезеңнің маңыздылығына тоқталды. Үкіметтің шешіміне сәйкес ҚҚС бойынша есепке қою шегінен асқан салық төлеушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Салықтар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар қарыздың негізгі сомасы 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін өтелген жағдайда есептен шығарылады. Кездесу соңында Премьер-министр Үкімет пен сарапшылар қауымдастығы арасындағы тұрақты диалогтың маңыздылығын атап өтті. Жауапты мемлекеттік органдарға айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы