Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Иранда ұлттық валютаның құнсыздануына қарсы шерулер мемлекет астанасы Тегеранға да жетті. Бүкіл елде интернет бұғатталып жатыр. Бірнеше саған бұрын Ислам Республикасының рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменей телевизиялық үндеу жасап, биліктің шетелдіктердің айтағымен мемлекеттік мүлікке шабуыл жасап жатқандардың әрекетіне төзе алмайтынын ескертті.

Венесуэла астанасы Каракаста биліктен аластатылған президенттің жақтастары шеруге шықты. Олар Николас Мадуро мен оның әйелі Силия Флроесті Нью-Йорктегі қамау орталығынан босатуды талап етіп жатыр.

Cирияның Алеппо қаласында үкімет әскері мен күрд жасақтары арасындағы қақтығыс күшейіп барады. Соңғы мәліметке қарағанда, 140 мыңдай адам үйлерін тастап кеткен. Шиеленістің ушығуына күрд отрядтарының орталық үкіметтің бірігу туралы ұсынысын қабылдамауы себепші.

Бүгін Ресей астанасына «Фрэнсис» штормы соққы берді. Соның салдарынан Мәскеуді қалың қар басып, көшелерге арнайы техника шығаруға тура келіп отыр.

Жапонияның Яманаси префектурасында алапат орман өрті тұтанды. Сол себепті жүздеген тұрғынға қауіпсіз жерге көшу туралы ескерту жасалды. Тілсіз жаумен күреске тікұшақтар тартылып жатыр.


Бөлісу