Қызылордада жаңа жылу электр орталығының құрылысы аяқталды
Қызылордада жаңа жылу электр
орталығының құрылысы аяқталды. Жергілікті билік енді қалаішілік жылу желілерін
жаңғырту жұмыстарын қолға алмақ. Ауқымды жоба түрік инвесторларының қаржысына
салынды. Стратегиялық маңызды нысан қала халқын жылумен ғана емес, электр
энергиясымен де толық қамтамасыз етеді. Шаһардағы жылу құбырларының жалпы
ұзындығы 217 шақырым. Оның бүгінде 42 пайызы тозған. Биыл 15 шақырым желіні
жаңғыртуға 13 миллиард теңге қаржы қаралып отыр.
Медет Усаин, облыстық энергетика басқармасының басшысы:
2029 жылға дейін ұлттық жоба аясында 53 млрд теңгеге жалпы 60 шақырымға жуық жылу желілерін қайта жаңғыртуды жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейін 30 пайызға дейін төмендетеміз.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06