Түркияда қолайсыз ауа райы әбігерге салды
Түркияның басым бөлігінде дауыл тұрып, нөсер жаңбыр жауды. Қатты желден ғимараттардың шатыры ұшып, ағаштар тамырымен қопарылды. Қалааралық жолдарда дауылдан бірқатар жүк көліктері аударылған. Ялова қаласындағы портта желдің екпініне шыдай алмай алып кран құлады. Ал теңізден көтерілген алапат толқындардың кесірінен кей қалаларда көшелерді су басқан. Ауа райының қолайсыздығынан теңіз арқылы жолаушылар мен жүк тасымалы уақытша доғарылды. Мамандар дауылдан жарақат алғандар мен қайтыс болғандар жоқ екенін айтты. Ал Түркияның бірқатар аймақтарында күн райының қолайсыздығынан мектептер мен университеттерде сабақ тоқтатылды.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18