Мемлекеттік басқару жүйесінде өңірлердің құзыреті күшейеді
Мемлекеттік басқару жүйесінде өңірлердің құзыреті күшейіп, өкілеттігі артады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік дербестігін қамтамасыз ету үшін ауқымды өзгерістер қолға алынды. Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Қызылорда облысының активімен кездесіп, жаңа реформаларды талқылады. Соңғы жылдары Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші едәуір артқан. Бұл Президент реформаларының оң нәтижесі. Бүгінде аймақтардың әлеуетін көтеру бағытында/ салық пен төлемдердің 25 түрі бойынша кіріс орталыққа кетпей, жергілікті жерде қалады. Соның арқасында, аудандар мен ауылдардың бюджеті біршама көбейді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Президентіміз «Turkistan» газетіне берген сұхбатында еліміздің қазіргі ахуалына және алдағы даму бағдарына кеңінен тоқталды. Бұл елімізді әділетті, демократиялық, ашық мемлекетке айналдыруға бағытталған жүйелі саясаттың жарқын көрінісі. Осы жолда ұлт болып ұйысып, Президентіміз белгілеп берген стратегиялық міндеттерді орындауға белсенді атсалысамыз деп сенемін.
Сондай-ақ Сенат төрағасы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық үйіне барып, аймақ жастарымен кездесті. Креативті индустрия мен ІТ дәуірінде жастар білімге ден қойып, елдің дамуына үлес қосу қажеттігін еске салды. Президент биылғы жылды жасанды интеллект жылы деп белгіледі. Ол үшін белсенді жастардың прогрессивті идеяларын жүзеге асыруға, озық технологияларды меңгеруіне қолайлы жағдай жасалмақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы