Экологиялық мәдениет – қоршаған ортаны сақтаудың кепілі
«Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық аймағында жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Бүгін Екібастұзда «АМАNАТ» партиясының филиалы экологиялық квест өткізді. Шараға еріктілер мен студенттер, оқушылар тіпті отбасы мүшелері қатысты. Олар экология тақырыбына қатысты сұрақтарға жауап беріп, спортқа бейімділіктері бойынша мықтыларды анықтады. Айта кету керек, Екібастұз өндіріс өркен жайған өңір. Сондықтан қоршаған орта тазалығы мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру өте өзекті. Бұл ретте «АМАNАТ» партиясының жергілікті филиалы экологиялық шараларды кешенді түрде өткізудің жоспарын дайындады.
Аңсаған Есқарина, «АМАNАТ» партиясы Екібастұз қалалық филиалының «жастар рухы» бөлімшесінің жетекшісі:
Бұл акция жалғасын табады. Біз үш айда бір өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Себебі Қазақстан халқы үшін тек қана қоқысты тазалау емес, балалардың экологиялық тәрбиесін арттыру маңызды.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысында қырықтан аса экожоба ұйымдастырылған
09.06.2026, 13:24
660 сарбазға білім гранты табысталды
09.06.2026, 13:21
Астанада ІІІ халықаралық архившілер конгресі өтуде
09.06.2026, 13:18
Жапондар пайдаланылған өсімдік майын авиаотынға айналдырмақшы
09.06.2026, 13:15
Пхеньянда Си Цзиньпин мен Ким Чен Ын саммит өткізді
09.06.2026, 13:12
4 айда негізгі капиталға салынған инвестиция – ₸4,9 трлн
09.06.2026, 13:09
Заң үстемдігі – қоғам тұтастығының басты кепілі
09.06.2026, 13:06
Telegram-да алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
09.06.2026, 13:03