Ипотека сыйақысын 20%-ға төмендету тоқтатылды
Ипотеканың жылдық сыйақысын 20%-ға төмендету туралы норма уақытша тоқтатылды. Қаулы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында жарияланды. Құжатқа сәйкес 1 шілдеге дейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін 25%-дан 20%-ға дейін төмендету жөніндегі норма тоқтатылған. Ал банктік қарыздар бойынша ең жоғары жылдық мөлшерлеме өзгеріссіз қалды. Кепілсіз банктік қарыздар 46%, кепілмен берілетін банктік несие 35%, ипотекалық тұрғын үйдің ең жоғары жылдық сыйақы мөлшерлемесі 25 пайыз. Ал мерзімі 45 күнге дейінгі және жалпы қарызы 45 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, яғни 200 мың теңге шамасындағы микрокредиттер бойынша мөлшерлеме тәулігіне 0,3%-дан, ал жылдық есеппен 179%-дан жоғары болмауы қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы