Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Венесуэланың биліктен аластатылған президенті Николас Мадуро мен оның әйелі Нью-Йорк сотында жауап берді. Ерлі-зайыптыларға заңсыз есірткі тасымалдады және қару-жарақ саудасымен айналысты деген айып тағылып отыр. 40 минутқа созылға сот отырысында жауап берушілер кінәні мойындамады.

Иранда демонстранттар мен қауіпсіздік күштері қақтығысты. «Рейтер» агенттігінің мәліметінше, ұлттық валютаның күрт құнсыздануына наразылықтан басталған шерулер кезінде 17 адам мерт болған. Алайда, Иран билігі көтеріліс кезінде екі қауіпсіздік қызметкері қаза тауып, ондағаны жараланғанын мәлімдеді. Ислам Республикасының рухани жетекшісі билікті шерушілермен сөйлесуге шақырды.

Жапонияның батысындағы Тюгоку аймағында таңертең 6,2 балдық жер сілкінісі болды. Елдің метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, дүмпулер бірнеше рет қайталанған. Зілзаланың эпицентрі шығыстағы Симане префектурасынан анықталды. Цунами қаупі жоқ.

Еуропада қалың қар жауып, жол көк мұзға айналды. Күн күрт суытты. Осыған байланысты Ауа-райы агенттігі сары түсті ескерту жариялады. Қалың жауған қардан Париж төңірегінде көлік кептелісі болған. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, жол-көлік апатынан 6 адам қаза тапты. 

Италияда қысқы Олимпиадаға әзірлік аяқталуға жақын. Ақ ойындар биыл ақпанның 6 мен 22 аралығында өтеді. Оған 93 елдің 3500 спортшысы қатысады. Атлеттер спорттың 8 түрінен 16 дисциплина бойынша 195 медаль жиынтығын сарапқа салады. Олимпиада алауының эстафетасы былтыр қарашаның 26-да басталды. Енді ол Ойындардың ашылу салтанаты өтетін күні Миланда аяқталады. 

Бөлісу