Алматы облысында орталық су құбыры 4 жылдан бері аяқталмай тұр
Алматы облысында төрт жыл бұрын басталған орталық су құбырының құрылысы әлі тұралап тұр. 2023 жылдың соңында пайдалануға беріледі деп жоспарланған жоба Талғар ауданындағы 35-40 мың тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз етуі тиіс еді. Алайда нысанның құрылысы әлі күнге дейін аяқталмаған. Жауапты мекемелер мұның басты себебі қаржының уақытылы бөлінбеуі дейді. Бастапқыда жобаның құны 2,7 млрд теңге деп белгіленген. Кейін қосымша жұмыстардың шығуына байланысты жалпы сома 4,5 млрд теңгеге дейін өскен. Құрылыстың қазіргі жағдайымен танысқан Мәжіліс депутаттары жобаны жыл соңына дейін толық аяқтау қажет екенін айтты. Олар мәселені шешу үшін жергілікті әкімдікпен бірлесіп жұмыс істеуге және қажет болған жағдайда Мәжіліс мінберінде көтеруге дайын екендерін жеткізді.
Максим Рожин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Аяқталуы үшін республикадан сұраймыз ба, жоқ әлде облыстан қарастырамыз ба? Осы мәселені анықтау үшін келіп отырмыз. Екіншіден, бөлінген қаражат қалай іске асырылып жатыр? Шынымен де атқарылған жұмыс сол ақшаға сай ма? Ол ақша қаншалықты дұрыс игерілді? Технодзор бүгін жоқ. Бірақ мен технодзорға арнайы сұрау жіберемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы