Индонезияда су тасқынынан 14 адам қаза тапты
Индонезияның Сулавеси аралында су тасқынынан 14 адам қаза тапты. Тағы бірнеше тұрғын жоғалып кеткен. Үздіксіз жауған жаңбыр соңы су тасқынына ұласты. Табиғи апаттан жүздеген үй мен әкімшілік ғимарат қирады. Жүздеген тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Құтқарушылар мен еріктілер хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіріп жатыр. Алайда тасқыннан зардап шеккен аудандарға баратын жолды тас, қоқыс пен лай басып қалған. Оған арнайы техника тартылды. Ауа-райы агенттіктерінің болжамына сай, қаңтар-ақпан айларында Индонезияның Ява, Сулавеси, Малуку және Папуа аралдарында тасқын қаупі жоғары болады.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18