Астанада 12 әуе рейсі кешіктірілді
Астанада қолайсыз ауа райына байланысты 12 рейстің уақыты кейінге шегеріліп, тағы біреуі тоқтатылған. Оның ішінде елордаға ұшып келетін 7, басқа қалалар мен Вьетнамның Камрань қаласына жоспарланған 5 рейс бар. Аэропорттың баспасөз қызметі қазір әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр деп хабарлады. Қызметкерлер ұшақтарды қабылдау және жөнелту, әуе кемелерін перронды тазалау, аэродром инфрақұрылымын күтіп ұстау бойынша жұмыс атқарылып жатыр деді. Сонымен бірге, жолаушыларға сайт арқылы онлайн-табло мен әуе компаниялары жіберген СМС хабарламаларды қадағалап отыру керектігі ескертілді.
Науат Айтуғанова, Астана халықаралық әуежайы PR қызметінің басшысы:
Бүгін Астана халықаралық әуежайында ұшуға 82, ұшып келуге 79 рейс жоспарланған. Ұшуға барлығы 21 рейс кешіктірілді. Қазіргі уақытта олардың 14-і ұшып шықты, 7 рейс әлі де кешіктірілуде. Кешігулердің негізгі себептері әуе кемесінің кеш келуі, сондай-ақ тағайындалған әуежайлардағы қолайсыз метеорологиялық жағдайлар. Астана халықаралық әуежайы тарапынан ешқандай шектеу жоқ.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06