Депутат шекарашылармен кездесті
Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан шекара қызметінің жеке құрамымен кездесті. Халық қалаулысы шекарашыларды даярлайтын техникалық және кәсіптік оқыту бөлімінің материалдық-техникалық базасымен танысып, әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын бағамдады. Сонымен бірге, оқу базасында санитарлық нұсқаушы мамандығын меңгеріп жатқан сарбаздармен тілдесті. Жақын күндері ел шебіне аттанатын жауынгерлер алған теориялық білімін тәжірибе жүзінде көрсетіп, дайындық деңгейін танытты. Сондай-ақ Айгүл Құспан әскери мамандарды даярлаумен айналысатын оқытушылармен жүздесіп, саладағы өзекті мәселелер мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Айгүл Құспан, Мәжіліс депутаты:
Шекарашылардың да бірқатар мәселесі бар. Атап айтқанда, техника мен жабдықтың жетіспеуі, тұрғын үй проблемасы, медициналық қызметке де қатысты түйткілдер кездеседі. Бірақ мұның бәрі уақыт өте келе шешілетін дүниелер. Көп жағдайда қиындықтар бюрократияға немесе мемлекеттік органдар арасында қарым-қатынастың дұрыс үйлестірілмегеніне байланысты. Мысалы, дәл осындай жағдай шекара мен кеден қызметінің арасында байқалады. Алдағы уақытта осыған ұқсас мәселелер реттеледі.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06