Аятолла Хаменей билікті шерушілермен сөйлесуге шақырды
Адам құқығын қорғау ұйымдары мен жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иранда жексенбі күні демонстранттар мен қауіпсіздік күштері қақтығысты. «Рейтер» агенттігінің мәліметінше, желтоқсанның 28-де Тегерандағы дүкен иелерінің ұлттық валютаның күрт құнсыздануына наразылығынан басталған шерулер барысында кемінде 17 адам мерт болған. Алайда Иран билігіне сенсек, көтеріліс кезінде екі қауіпсіздік қызметкері қаза тауып, ондағаны жараланды. Бірер күн бұрын қалыптасқан жағдайға байланысты Ислам Республикасының рухани жетекшісі мәлімдеме жасап, билікті шерушілермен сөйлесуге шақырды.
Аятолла Әли Хаменей, Иранның рухани жетекшісі:
Біз шерушілермен сөйлесуге тиіспіз. Олар бір-бірімен тілдесуі керек. Бірақ тәртіпсіздіктерге қатысқандармен сөйлесуден пайда жоқ. Оларды орнына қоюымыз қажет.
Елдегі экономикалық жағдайға келсек, жексенбі күні Иранда АҚШ доллары 1 миллион 420 мың риалға дейін қымбаттады. Жалпы алғанда, кейінгі алты айда Иран ақшасы 56 пайызға әлсірепті. Соның салдарынан инфляция шарықтап, былтырдан бері азық-түлік 72 пайызға қымбаттады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы