Ақмола облыстық мұрағаттың құжаттарды сақтау жүктемесі 95 пайызға жетті
Осыдан бес жыл бұрын 30 мыңға жуық құжатты қабылдауға қауқарлы болған Ақмола облыстық мұрағаты биыл тек 14 мың істі қабылдаған. Себебі құжаттарды сақтау жүктемесі 95 пайызға жеткен. Ал өңірдегі сегіз мұрағатта құжаттарды сақтайтын орын мүлдем тапшы.
Көкшетауға жұмыс сапарымен келген Сенат депутаттары облыстың бірқатар әлеуметтік мекемелерінің жұмысымен танысты. Өңірдегі 21 мемлекеттік мұрағаттың 7-уінде жеке ғимарат жоқ. Тіпті облыстық мұрағаттың өзі 86-жылы салынған бейімделмеген ғимаратта. Бұл құжаттарды сақтауды қиындатады. Депутаттар сондай-ақ Красный Яр ауылындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығында болды. 2023 жылы күрделі жөндеу жүргізілген медициналық мекеме бүгінде штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Одан соң сенаторлар 630 орындық облыстық көпбейінді аурухананың құрылысымен танысты. Келесі жылдың көктемінде тапсырылуы тиіс нысанның құрылысы бүгінде шамамен 36 пайызға аяқталған.
Айна Мысырәлімова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Біз жаңа жылды дәстүр бойынша халықпен жүздесуден бастап отырмыз. Алдымен әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысуды жөн көрдік. Тозығы жеткен ғимараттар, жалақының төмендігі, сумен қамту, жылу сияқты өзекті мәселелер қашан да біздің назарымызда. Халықтың базынасын жоғарыда көтеріп, депутаттық сауалдар арқылы мәселені шешуге тырысатын боламыз. Жеке қабылдау да жүргіземін деп жоспарлап отырмын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы