Қызылордада жаңа «Достық үйі» ашылды
Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Заманауи үлгіде салынған «Достық үйі» демеушілер есебінен салынды. Нысан құрылысына 4 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Қала сәулетіне көрік беретін ғимаратта түрлі шараларды өткізуге арналған 200 орындық концерт залы бар. Ішкі көрінісі шаңырақ стилінде жасалған. Бүгінде Сыр өңірінде 30-дан астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Ал ассамблея жанынан 11 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Алдағы уақытта мұнда қосымша домбыра, би, ән үйірмелері ашылмақ.
Елена Пак, ҚХА мүшесі:
Алты Алаштың анасы атанған Сыр өңірінде үлкен ғимарат ашылып жатыр. Бұл тек этно-мәдени бірлестіктердің жұмысы емес, жастарды да әртүрлі бағыттағы жобаларды іске асыратын үлкен ғимарат. Алдағы уақытта қайырымдылық, патриоттық түрлі шараларды, тың идеяларды осы жаңа «Достық үйінде» іске асырамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06