Енді әкімшілік айыппұлдарға шағымдануға болады
Әкімшілік айыппұл қате тағайындалса, 10 күн ішінде шағымдануға болады. Азамат қаулымен неге келіспейтінін нақты әрі толық жазуы, өз уәжін дәлелдеуі, нақты талап қоюы, барлық дәлелдерді қоса тіркеуі қажет. Айыппұл тек жол ережесін бұзғаны үшін емес, кіреберісте қоқыс қалдыру, аулада кілем жаю сынды басқа да құқықбұзушылықтар үшін салынуы мүмкін. Егер шағым беру мерзімі белгілі бір себептермен өтіп кетсе, өтінішке орынды себептің бар екенін растайтын құжаттарды қоса тіркеу керек. Шағым жазу үшін «Әкімшілік істердің бірыңғай тізілімі» платформасына кіру қажет. «Әкімшілік істер бойынша өтініш беру» тармағын таңдап, ЭЦҚ кілті арқылы қол қойып, «өтініш» бөлімінде шағым қалдыруға болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06