Ақтөбе облысында көлік апатынан болатын адам өлімі азайды
Елімізде құқық бұзушылықтарды анықтау мен оның алдын алу жұмыстары жанданды. Нәтижесінде көлік апаттарынан болатын адам өлімі 9,4 пайызға азайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Түркістан» газетіне берген сұхбатында айтқан.
Мәселен, жол апаты жиі тіркелетін «Самара-Шымкент» тасжолында бақылау күшейтілді. Жол сақшылары соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталды. Нәтижесінде көлік жүргізушілердің де жауапкершілігі артып, барынша ереже бұзбауға тырысатыны байқалды. Ең бастысы – жолдағы адам өлімі азайды. Инфрақұрылымның жетілдірілуі, айыппұлдардың өсуі де ең алдымен жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Ендігі міндет – салаға жаңа технологияларды, жасанды интеллектіні енгізу.
Еркін Өтеген, облыстық Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
Былтырғы жылды қорытындылайтын болсақ, адам өлімі едәуір азайды қазіргі уақытта. Көптеген шара қабылдап жатырмыз. Біріншіден, жасақтар санын көбейттік. Өздеріңізге белгілі, ең апатты жол «Самара-Шымкент» болып есептеледі. Сол жолда төрт жасақ болатын болса, қазіргі таңда он нарядқа дейін көбейттік. Қарсы бағытқа шығып кету бойынша дронмен жұмыс істеп жатырмыз, жылдамдықты арттыру бойынша автоматты тіркеумен жұмыс істеп жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00