16 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық аймақтарында, сондай-ақ Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, боран, көктайғақ, қатты жел тұруда. Қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Ақмола облысында бірнеше бағыттағы жол жабылды.
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Дауылды ескерту Ақмола облысында да жарияланды. Таңғы сағат 7-ден Көкшетаудан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды. Қазір қатты жел көтеріліп, бұрқасын соғып тұр. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Салдарынан жолдағы көріну деңгейі төмендеді. Бірнеше сағат бұрын жарияланған ескертуге қарамастан жолға шығып кеткен автокөліктер бар. Қазір Көкшетаудың шыға берісінің өзінде шамамен 40 шақты автокөлік жиналып қалды. Полиция ауа райы қалыпқа түскенше уақытша жолға шықпауға және қауіпсіздік ережелерін барынша қатаң сақтауға шақыруда.
Қолайсыз ауа райы салдарынан зардап шеккендер жоқ, аймақтағы ахуал бақылауда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06