Елімізде таңдаулы көлік нөміріне сұраныс артты
Ақтауда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында ұзын-сонар кезек. Тұрғындар таңдаулы көлік номеріне тапырыс беру үшін сағаттап күткен.
Жүргізуші өзі таңдайтын көлік нөмірі үшін кезек далаға дейін созылған. Дәл осындай көрініс еліміздің басқа да қалаларында да байқалған. Бірақ түстен кейін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты жағдайда жұмысын жалғастырды. Бүгіннен бастап кез-келген қазақстандық көлігінің номіріне сан мен әріпті өз қалауынша тапсырыс беріп, ала алады. Қызмет құны 10-15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Яғни, әріпті өзгерткісі келетіндер 43 мың теңге, ал көлік номерінің санын өзгертемін дегендер 65 мың теңге шамасында төлейді. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында тапсырыс 5, ал өзге қалаларда 10-15 жұмыс күн ішінде дайын болады.
Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
Біздің қазақстандықтар белгіленген қалаған тіркеу нөмірлерін ала алады. Яғни, ВИП және жоғары сұраныстағы нөмірлерден басқа нөмірлерді алу мүмкіндіктері бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы