Сарапшы: Қазақстан цифрлық державаға айналуы керек
Қазір әлемде технологиялық бәсеке күшейіп, АҚШ пен Қытай жасанды интеллект саласында ауқымды бағдарламаларды іске асырып жатыр. Қазақстан да бұл үдерістен шет қалған жоқ. Елде мемлекеттік қызметтер мен қаржы секторын цифрландыруда нақты нәтиже бар. Президент сұхбатында жасанды интеллект жаңа дәуірдің негізгі қозғаушы күшіне айналғанын атап өтіп, бұл бағытта артта қалған елдер мол мүмкіндіктен қағылатынын мәлімдеді. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан жасанды интеллект саласында көш соңында емес. Елде суперкомпьютерлер, салалық министрлік және басқарушылық құрылымдар бар. Яғни, еліміздің цифрлық державаға айналуына мүмкіндік көп, - дейді мамандар.
Мейіржан Әуелханұлы, ІТ маман:
Үлкен суперкомпьютерлер бар. Басқарушылық әкімшілік жағынан құрылымдар бар. Жасанды интеллект министрлігі бар. Оны басқаратын кісінің билігі бар деген сияқты. Яғни, біз жасанды интеллект ағынында, көшінде тым алдына шығып кетпесек те соңында емеспіз. Тура бел ортасында келе жатырмыз. Бағытымыз дұрыс. Істеп жатқан жұмысымыз айқын.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балалар спортына бөлінетін қаржы көлемі көбейеді
02.03.2026, 20:58
Роботтар неміс делегациясына шоу көрсетті
02.03.2026, 20:57
«Таза Қазақстан» экоакциясы жалғасып жатыр
02.03.2026, 20:38
Жаңа Конституция жобасы – әділетті қоғамның кепілі
02.03.2026, 20:18
Президент жаңа Конституция жобасының мәтінімен жеке өзі жұмыс істеген
02.03.2026, 20:16
Жаңа Конституция жобасы - халықтық құжат
02.03.2026, 20:13
Маңғыстау облысында ауызсу мәселесі толық шешілді
02.03.2026, 20:11
Жаңа Конституция жастардың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді
02.03.2026, 20:10