TazaQazBot телеграм чат-ботына 25 мыңнан аса өтініш түскен
Былтыр әрбір үшінші отандасымыз «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан. Қазір қоғамда «Тазалық – біреудің міндеті емес, ортақ жауапкершілік» дейтін түсінік қалыптаса бастады. Мәселен @TazaQazBot телеграм-чатына тұрғындардан 25 мыңнан аса өтініш түскен. Оның басым бөлігі аумақты абаттандыру мен көшені қоқыстан тазартуға қатысты. Бұл қоршаған ортаның жай-күйіне бей-жай қарамайтын көпшіліктің көбейгенін көрсетеді.
Мейіржан Айтжанов, ҚР ЭТРМ экологиялық мәдениет және саясат департаментінің сарапшысы:
Бастама алғашында экологиялық мәселені шешуге бағытталған жоба ретінде басталды. Бүгінде жаңа мәнге ие болды. Экологиялық мәдениет бұл айналамыздағы тәртіп қана емес, бұл сананың өзгеруі, ортақ жауапкершілік және болашақ ұрпаққа гүлденген таза елді қалдыруға деген ұмтылыс.
Экологиялық акцияға 7 млн-ға жуық адам қатысып, 844 мың тоннадан аса қоқыс жиналған. Әсіресе, еріктілердің екпінді еңбегін
ерекше атап өткен жөн. Астаналық тұрғындар маңызды
шарадан шет қалмай, қала тазалығына үнемі үлес қосып жүргендерін
айтады.
Астана қаласының тазалығына барынша үлесімді қосып жатырмын. Әрине көңілім толады. Көгалдандыруына болсын, тазалығына болсын. Қаланы ластамауға тырысамыз. Өзім де и жанұям да. Көгалдандыруға әр күзде және көктемде атсалысуға тырысамыз.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Суару маусымы аяқталуға жақын: Шаруаларға қанша көлемде су берілді?
12.09.2026, 17:51
Қазақстан делегациясы Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр
12.09.2026, 10:08
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19