Әлем лидерлері Венесуэлаға қатысты пікір білдірді
АҚШ-тың Венесуэладағы әскери операциясына әлемнің көптеген елдерінің лидерлері пікір білдірді. Еуропа көшбасшылары жағдайға алаңдаушылық білдіріп, шиеленісті басуға шақырды. ЕуроОдақ Вашингтонның әрекетіне тікелей баға берген жоқ. Тек Венесуэладағы жағдайды қадағалап отырғанын, бейбіт және демократиялық жолмен өтуін қолдайтынын айтты.
БҰҰ болса, АҚШ-тың әскери операциясын халықаралық құқық нормаларын бұзу деп атады. Тараптарды жан-жақты диалогқа шақырды. Ұйымның бас хатшысы Антониу
Гуттериш операция өңірге қауіпті жағдай тудыруы ықтимал деп мәлімдеді.
Құрама Штаттар Венесуэла
астанасы Каракасқа қаңтардың 3-інде шабуыл жасады. Көп ұзамай америкалық әскерилер президент Николас Мадуро
мен оның жұбайын ұстап, АҚШ-қа жеткізгені белгілі болды. Бүгін Нью-Йоркте сот
алдында жауап береді. Вашингтон
оларды заңсыз қару сату және
есірткі тасымалына қатысы бар деп айыптап отыр.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06