Президент: Қазақстан цифрлық державаға айналуы тиіс
Қазақстан цифрлық державаға айналуы тиіс. Мемлекет басшысы сұқбат барысында 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялаудың мән-маңызын түсіндірді. Президенттің айтуынша, бұл – жаңа технологиялар дәуірінде өркениетті ел болып қалудың бірден-бір жолы. «Халқымыздың ой-санасы мұндай инновацияларды қабылдауға толық дайын. Оның үстіне, бүгінде елімізде азаматтардың өмір салтын айтарлықтай өзгерткен бірқатар танымал финтех компаниялар табысты жұмыс істеп жатыр. Президент сондай-ақ Қазақстанда ІТ-стартаптарды қолдайтын толыққанды экожүйе қалыптасқанын атап өтті. Екі мыңға жуық компанияны біріктіріп отырған Astana Hub инновациялық кластері тиімді жұмыс істеп тұр. 2025 жылы ІТ-қызметтердің жалпы экспорты бір миллиард долларға жуықтады. Сонымен қатар цифрлық активтерге арналған CryptoCity пилоттық аймағы құрылып жатыр, жедел дамып келе жатқан Alatau City қаласының құрылысы басталды. Мемлекет басшысының пікірінше, жасанды интеллектінің пайда болуымен болашақтың көшіне ілескен елдер мен ескі заманда қалып қойған мемлекеттердің арасы алшақтай бастады. Осыған байланысты цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект Қазақстанның даму жолындағы басым бағыт ретінде жарияланды. Биыл ауқымды жұмыстар атқарылады. Осы айрықша маңызды бастамалардың табысты боларына сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы