Көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы жәрдемақы да өсті. Оның мөлшері бала санына байланысты. Төрт баласы бар отбасыға бұрын 63 030 теңге төленетін. Енді 69 330 теңгеден бөлінеді. Он баласы бар отбасыға 157 280 теңге берілді, енді оның көлемі 173 000 теңгеге дейін артты.
Сондай-ақ барлық мүгедектік топтары бойынша мемлекеттік жәрдемақы мөлшері көбейді. Енді I топ мүгедектігі бар азаматтар 111 872, II топ – 89 498 теңгеге, ал III топ – 61 021 теңге көмек алады.
Сонымен қатар асыраушысынан және еңбекке қабілеттіліктен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер 10%-ға өсті. Бұл санат бойынша қаражат Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Олардың мөлшері азаматтың жағдайына сәйкес жеке есептеледі.
1 АЕК – 4 325 теңге