Жамбыл облысында көмір жағып келген ауылға көгілдір отын кірді
Жамбыл облысындағы Жуалы және Жамбыл ауданы тұрғындары 100% табиғи газбен қамтылды. Ал Талас ауданына көгілдір отын кіргізу жұмысы 94%-ға аяқталды. Аталған аудандағы Майтөбе ауылына газ тартылды. Бұған дейін ауыл ауыл болғалы көмір жағып, күл шығарып келген болатын. Енді мұндағы 2 мыңға жуық тұрғын заманауи инфрақұрылым игілігін пайдалана бастады. Бүгінде көршілес Қожағаппар ауылын қоса алғанда 445 абоненттің 210-ны газды үйлеріне кіргізді. Айта кетейік, жоғарыда аталған 3 ауданға газ тарту жұмысы екі жыл бұрын басталды. Оған 3,5 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды.
Болат Әбжаппаров, Майтөбе ауылының тұрғыны:
9 елді мекенге газ келіп, ел риза болып жатыр. Әр уақытта жақсылық болсын, бірлік болсын, тірлік болсын. Бейбітшілік болсын. Қазақ елі аман болсын!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06