Басты Жаңалықтар Италиядағы қысқы Олимпиадаға 38 күн қалды

Италиядағы қысқы Олимпиадаға 38 күн қалды

38 күннен кейін Италияда қысқы Олимпиада ойындары басталады. Дүбірлі додада жерлестеріміз еліміздің намысын 10 спорт түрінен қорғайды. 93 елдің кіл мықтылары бақ сынасатын бәсекеде Қазақстандық спортшылар қоржынды алтын, күміс, қолаға толтырса Мемлекеттен берілетін сыйақы да салмақты. Алты медаль үшін 250 мың доллар беріледі. Бүгін Үкіметте Италияда өтетін қысқы олимпиада ойындарына дайындық жұмыстары пысықталды. 
Тау шаңғысы, шаңғы жарысы, биатлон, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, сноуборд, фристайл. Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарында кіл мықтылар осы спорт түрлерінен сынға түседі. Байрақты бәсекеге еліміздің атынан 35 спортшы қатысады деп жоспарлануда. 93 елдің ішінен оза шауып, еліміздің байрағын асқақтатып, алтын медаль жеңіп келгендерге Мемлекет тарапынан 250 мың доллар беріледі.
Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрі:

Мемлекеттен Олимпиада жеңімпаздарына 250 мың АҚШ доллары төленеді. 150, 70 мың доллар екінші, үшінші орындарға. Одан бөлек өңір әкімдіктерінен де пәтер мәселесі, одан бөлек көптеген сыйақы, автокөлік, бәрі қаралып жатыр.050/ Халқымыз тақымын қысып, бұл бағытты жақсы көреді.
Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Италияда өтетін қысқы олимпиада ойындарына дайындық барысын баяндады.
Дүбірлі дода 6-22 ақпан аралығында өтеді..Бұл қысқы Олимпиада тарихта гендерлік теңдік пайызы жоғары ойындарға айналмақ. Өйткені жарысқа қатысушылардың 47 пайызы әйелдер.Ойындарда 116 олимпиадалық және 79 паралимпиадалық медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Спортшыларға көрсетілетін қолдау шаралары нақты, әрі ашық болу қажет. Премьер-министр осы бағытта мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Мемлекет басшысы бұқаралық және кәсіби спортты дамыту әркез басымдыққа ие болып қала беретінін айтып келеді. Сондықтан Қазақстанда спортты дамыту бағытында кешенді шаралар қабылданып, спортшылардың сапалы даярлануы үшін тиісті жағдай жасалуда. 2023-2025 жылдары осы мақсаттарға бюджеттен 360 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Қысқы спорт түрлерін дамыту үшін елімізде қажетті базалық инфрақұрылым мен қолайлы климаттық жағдайлар бар.

Премьер-министр Үкімет отырысында Олимпиада ойындары еліміздің халықаралық имиджін нығайтуда өте маңызды рөл атқаратынын баса айтты. Осыған байланысты барлық дайындық шаралары толық көлемде аяқталуы қажет екенін ескертті. 3 мыңнан аса елдің спортшылары бақ сынасатын Италиядағы қысқы олимпиада ойындарына 38 күн қалды.

Бөлісу