Көктайғақ елордалықтарды әбігерге салды
Астанада да түннен бері жауған жаңбырдың арты көктайғаққа ұласты. Қолайсыз күн райы елордалықтарды әбден әбігерге салып жатыр. Бас қаладағы ахуалды әріптесім Ернұр Медеттен білсек.
Ернұр Медет, тілші:
Жыл аяқталар тұста Астананың аязы бет қаратпай тұрушы еді. Алайда бұл жыл бұрынғыдан өзгерек боп тұр. Әрине оған жаһандық жылыну себеп ,- дейді сарапшылар. Бұрын дәл осы уақытта бүрсең қақтырған боран елордалықтарды әбігерге салатын. Бүгін көктайғақ әбден қинады. Астанадағы травмотологиялық пунтктерге кешкі сағат 6-ға дейін 265 тен аса адам түскен. Оның 200-ге жуығы көшеде жарақаттанған.
Ұлықбек Асылбеков, №3 көпбейінді аурухана бас дәрігерінің орынбасары:
Таңғы сағат 7-ден бастап эарақат пунктіне науқастар келе бастады. Барлыңы таңертең жұмысқа бара жатқан, жолдың бәрі тайғақ. Оның ішінде 8 науқасты ауруханаға жатқызуға ұлттық ғылыми травмотологиялық ортопедиялық орталыққа жібердік. Одан қалған қолы сынған 17 науқасты өздерінің емханасына жібердік. Ал 20 шықты адамның ауру сіңірі созылған, ет терісіне зақым тиген. Оларды да өздерің емханасына жібердік.
Ернұр Медет, тілші:
Қала ішінде қоғамдық көліктер де кібіртіктеп әрең жүр. Бір-біріне соғылғандары да бар. Жолаушылар аман. Жолдар мен тротуарларға тәулік бойы тайғаққа қарсы құм, тұз секілді инертті материалдар себіліп жатыр. Алдағы мейрамда көпшіліктің алыс-жақындағы ағайын-туысты аралауға асығатыны рас. Бірақ қара жол қателікті кешірмейді. Сондықтан ескертулерді ескерген жөн дейді, - мамандар.
Сәкен Ділдахмет, «Қазавтожол» ҰК» АҚ ресми өкілі:
Ертең 31 желтоқсан күні Астанаға-Ақмола бағыты бойынша бірқатар жолдарды жабу жоспарлануда. Сондықтан біз бұны тағы да хабарлап айтамыз. Кез келген жол пайдаланушыға 24 сағат бойы 1403 байланыс орталығы қызмет көрсетеді. Біздің операторларға хабарласып, жолдың жағдайы және жолда қалып кетіп көлігіңіз бұзылып қалатын болса хабарласып сұрауға болады.
Ернұр Медет, тілші:
Ауа райына байланысты әуе рейстері де кешігіп жатыр. Бүгін Астанадан шығатын 4 ұшақтың уақыты ауысқан. Жалпы, Табиғаттың тосын мінез танытуынан еліміздің 5 облысындағы 25 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Олар Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай және Жетісу өңірлері.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы