Архив ісін цифрландыру және балаларды зиянды контенттен қорғауға бағытталған заң қабылданды
Сонымен қатар Мемлекет басшысы архив ісі саласындағы заңнаманы жетілдіруге, мемлекеттік архивтердің мәртебесі мен қызмет тиімділігін арттыруға, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңға қол қойды. Құжатта архивтік құжаттарды электрондық форматта сақтау, көшіру және басқару тәртібі бекітілді. Тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы бар аудиовизуалдық құжаттардың міндетті даналарын мемлекеттік архивтерге тапсыру нормасы да енгізілді. Мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру арқылы олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға және сала қызметкерлерінің жалақысын арттыруға мүмкіндік жасалмақ. Құжатта балаларды қорғауға ерекше көңіл бөлінген. Қоғамдық кеңістікте, БАҚ-та және онлайн-платформаларда педофилияны және дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттайтын ақпаратты таратуға шектеу қойылады. Бұл ұғымдарға нақты анықтамалар беріліп, олар заңға қайшы контент ретінде танылды. Осылайша, Еңбек кодексіне және тағы 12 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06