Президент «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» заңға қол қойды. Алғаш рет «антиәлеуметтік мінез-құлық» ұғымы заңнамалық деңгейде бекітілді. Негізгі профилактикалық шаралар ретінде түсіндіру әңгімелері, ресми ескертулер және әлеуметтік көмек тетіктері қарастырылған. Сонымен қатар заң азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бұл бағытта 50 мыңнан астам қоғамдық көмекші мен волонтёр еңбек етіп жүр. Құжатта қоғамдық орындарда бетті бүркемелейтін киім киюге шектеу қою, сондай-ақ электрлі самокаттарды ұсынатын компаниялардың қызметіне қатысты жаңа талаптар бар. Жалпы алғанда, жаңа заң қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алудың заманауи әрі тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06