Басты Жаңалықтар Қ.Тоқаев пен В.Путин телефонмен сөйлесті

Қ.Тоқаев пен В.Путин телефонмен сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында екіжақты ықпалдастықтың қазіргі жай-күйі талқыланып, биыл Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы мазмұнды әрі нәтижелі болғанын атап өтті. Негізгі жетістіктердің бірі ретінде жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық келісімі айтылды. Қазақстан Президенті Украина қақтығысын реттеу бойынша келіссөз процесінің ілгерілеуін құптап, саяси-дипломатиялық тәсілдерді жалғастыру қажет екеніне тоқталды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің мемлекеттік резиденциясына шабуыл жасау әрекеттерін айыптайтынын жеткізіп, мұның бітімге келуге және қақтығыстың саяси шешімін іздеуге кері әсер ететінін айтты. Әңгіме соңында мемлекеттер басшылары бір бірін келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, қос халыққа бақ-береке тіледі.


Бөлісу