М.Әшімбаев жас параспортшылармен кездесті
2025 жыл отандық бочча спорты үшін нәтижелі болды. Елордада алғаш рет халықаралық жарыс ұйымдастырылды. Бұл туралы Қазақстан бочча федерациясының президенті әрі Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Федерация ұжымымен және параспортшылармен кездесуде мәлімдеді. Оның айтуынша, Орталық Азия аймағында Қазақстан боччадан көшбасшы саналады. Жалпы еліміздің параатлеттері халықаралық жарыстарда жүлделі орындар иеленіп, ұлттық құрама әлемдік рейтингте 18-орынға көтерілді. Алдағы уақытта өңірлерде спортты дамыту, жаңа турнирлер өткізу және әлем кубогының кезеңін Қазақстанда ұйымдастыру жоспарланып отыр. Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының мүгедектігі бар азаматтар үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруға ерекше мән беріп отырғанын атап өтті. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі - Астанада Инклюзивті спорт орталығының ашылуы. Енді осындай кешендерді еліміздің барлық аймағында ашу міндеті қойылып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы