Жаңа жыл қарсаңында 140 отбасы үйлі болды
Қызылорда облысында Арал мен Қазалы аудандарында 140 отбасы жаңа жыл қарсаңында үйлі болды. Баспаналар көпбалалы жанұялар мен әлеуметтік осал топтағы жандарға берілді.
Соңғы жылдары мемлекеттік бағдарлама аясында ауыл-аймақта тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Нәтижесінде үй кезегіндегі отбасылардың мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Соның бір парасы Арал қаласында 30 жапсарлас тұрғын үй ел игілігіне беріліп, 60 жанұя жаңа мөлтек ауданда қоныс тойын тойлады.
Бақыткүл Ибраева, Арал қаласының тұрғыны:
Жаңа жылдың қарсаңында үй беріп жаңа қонысқа кіріп жатырмыз. Соның бәріне қуанып жатырмыз бала-шағамыз бәріміз. Үй кезегінде тұрған мына жастарға жұғысты болсын.Ал Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде 80 пәтерлік тұрғын үйдің кілті тұрғындарға табысталды. Жаңа жыл қарсаңында жаңа баспанаға кірген отбасылар қуанышқа бөленіп, дән риза. Жалпы бұрын үй кезегіндегілер 10-15 жылдап күтсе қазір бұл мерзім екі есеге қысқарып отыр.
Салтанат Махамбетова көпбалалы ана:
Бес жылдың ішінде осындай үйге жетіп отырмын. Барлығына қуаныштымын. Алты балам бар. Жаңа жылды осы жақта тойлаймыз. Тамыр-танысты шақырып. Балдардың қуанышы керемет.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10