Елімізде 124 вокзал жаңғыртудан өтіп жатыр
Еліміз бойынша 124 вокзал қайта жаңғыртудан өтіп жатыр. Ауқымды бағдарламаны «Қазақстан темір жолы» компаниясы қолға алып, құрылыс жұмыстарына қомақты қаржы бөліп отыр.
Бүгінде теміржол станцияларындағы вокзал ғимараттарының көбі ескіріп, тозығы жеткен. Кеңес заманынан бері жөндеу көрмеген нысандардың бірқатары тіпті апатты жағдайда танылған. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған жоба бойынша енді вокзалдар заман талабына сай жаңарып, инженерлік жүйелері толықтай жаңғыртылады. Қазіргі таңда бұл бағытта барлық өңірде құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Ерік Қонақбаев, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ вокзал шаруашылығын жаңғырту дирекциясының өңірлік басшысы:
Қызылорда облысы бойынша 10 вокзалға күрделі жұмыстар жүріп жатыр жаңғырту. Оның ішінде 4 вокзал техникалық қорытындысы бойынша апатты деп қайтадан салынып жатыр. Осы 10 вокзалды келесі жылы тапсыратын боламыз.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06