Археология саласында ақпараттық жүйе құрылады
Президент былтыр өткен Ұлттық құрылтайда археология саласында жүйесіздік барын, бірқатар құнды жәдігердің есепке алынбай, жоғалып кету қаупі жоғары екенін атап өткен еді. Осы мәселелер ескеріліп, Мемлекет басшысы «тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Жаңа құжат тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау жүйесін жетілдіруді көздейді. Сонымен қатар лицензия беруге қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралады. Ұлттық археологиялық қызметтің мәртебесі заңмен бекітіліп, оның нақты құзыреттері айқындалды. Сондай-ақ археологиялық зерттеулер бойынша Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе құрылады.
Ақан Оңғарұлы, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры:
Ара-жігін ажыратып, «қара археологтар» деп айтады. Тонаушылармен жұмыс жасаймыз. Шынында да кімдікі әуесқой, кім таза тонаумен, бизнес қылып айналысып мәдени құндылықтарымыз сыртқа кетіп жатыр. Осы жұмыстармен де айналысып, анализ жасап, талдап сол бойынша мәдениет және ақпарат министрлігі өз шешімін шығарып отыратын болады. Сол арқылы біз шетелге жәдігерлерді әкетуді тыямыз деп ойламыз және заңсыз қазбаларды да тиямыз деп есептейміз.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06