Энергетикалық сусындар созылмалы жүрек ауруына әкеледі
Энергетикалық сусындар созылмалы жүрек ауруына әкеледі. Оған жақында ғана жүрегін алмастырған науқастың оқиғасы дәлел, - дейді дәрігерлер. Қараша айында күрделі ота жасалған 34 жастағы азамат қазір үйіне шығарылған. Бұл операция Алматыдағы қалалық кардиология орталығында алғаш рет қолға алынып отыр.
Жүрек трансплантациясы – адам өмірін сақтап қалуға бағытталған ең күрделі әрі жауапты медициналық оталардың бірі. Бес сағаттан аса уақытқа созылған операция барысында дәрігерлер әр минут үшін күресті. Мамандардың жоғары кәсібилігі мен заманауи медицинаның мүмкіндігі арқасында науқастың жүрегі сәтті алмастырылды.
Пя Юрий, Кардиолог:
Ең әуелі донор болуға келісім берген марқұмдардың жақындарына алғыс білдіремін. Бұл - үлкен адамгершілік қадам. Жүрек трансплантациясы бүгін қалалық кардиология орталығында алғаш рет жасалып отыр. Соңғы үлгідегі қажетті құрал-жабдықтардың барлығы жеткілікті. Күрделі отаны Ермағанбет Мұқанұлы басқарған тәжірибелі мамандар жүзеге асырды.
Науқас дәрігерлердің кәсібилігін ерекше атап өтіп, шын жүректен алғыс білдірді. Оның айтуынша, отадан кейін өмірге қайта оралғандай кейіпке түскен.
Науқас:
Бәрі энергетикалық сусындардан басталды. Алдымен күніне бір-екі құты ішетінмін. Уақыт өте келе ол он бөтелкеге дейін жетті. Сол кезде оның зиянын ойлаған да жоқпын. Жүрегім сыр бергенде ғана бәрін түсіндім. Мұндай жағдайды ешкімнің басына тілемеймін.
Дәрігерлердің айтуынша, жүрек жеткіліксіздігі кейде байқалмай басталады. Сергектік сыйлайтын сусын ретінде сатылатын энергетиктер уақыт өте келе жүрекке салмақ салуы мүмкін. Қазір үйіне шығарылған науқас тіркелген емханада тұрақты бақылауда. Барлық қажетті дәрі-дәрмек, ем-дом мемлекет есебінен тегін беріледі.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мереке қарсаңында сарбаздар аналарын құттықтады
06.03.2026, 13:20
Жамбыл ауылында соңғы 10 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген
06.03.2026, 13:18
Құрылтай –дала демократиясының символы
06.03.2026, 13:15
Қостанайда өңірлік коалиция мүшелері студенттермен кездесті
06.03.2026, 13:12
БҚО-да референдум комиссияларының дайындығы пысықталды
06.03.2026, 13:09
Ердоған Иранның Әзербайжанға шабуылын сынады
06.03.2026, 13:06
Таяу Шығыс елдерінен 3300-ден астам отандасымыз оралды
06.03.2026, 13:00
Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды
06.03.2026, 10:16