Мәжіліс туризм туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады
Мәжіліс ішкі туризмді және балалар спортын қолдауға бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Енді ел ішінде кәмелетке толмаған балалардың ұшақпен саяхаттауына арналған жолдамаларға билет құны субсидиялануы мүмкін. Сонымен қатар қонақүйлер, визит-орталықтар және туристерге арналған инфрақұрылым салу кезінде кәсіпкерлердің шығындарының бір бөлігін мемлекет өтемек. Бұл бизнестің салаға белсенді түрде келуіне жол ашады. Сондай-ақ әкімдіктерге жаңа өкілеттік беріледі. Олар мемлекеттік қолдау арқылы салынған туристік нысандардың сатылып кетпеуін және мақсатқа сай пайдаланылуын қадағалайды.
Никита Шаталов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Туризм бұл ел экономикасының айнасы. Өте көп тармақты сала. Оның ішіне жол жағдайын жақсарту, транспорттық бағыттармен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту барлығы кіреді. Қазақстанның Шығысында да, Батысында да көрікті жерлер жетерлік. Жыл өткен сайын келушілердің де қатары артып келеді. Енді соны дұрыс мақсатта пайдануымыз керек. Сондықтан біз бұл бағытқа көп көңіл бөліп жатырмыз.
Жаттықтырушылардың жалақысы өседі
Заң жобасын талқылау барысында депутаттар балалар және бұқаралық спортқа қатысты маңызды түзетулер де енгізді. Ең басты жаңалық - балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне жан басына шаққан қаржыландыру стандарты енгізіледі. Нәтижесінде жылына бір баланы дайындауға бөлінетін қаражат 233 мыңнан, 415 мың теңгеге дейін өседі. Сонымен қатар спорт мектептеріндегі жаттықтырушылар мен мұғалімдердің жалақысы жоғарылайды. Жас мамандардың айлығы 150 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы