2025 жылдың қорытындысы: Реформалар, инновациялар және тұтастық
Телеграм арнасында жариялаған жазбасында ол биыл Қазақстан үшін президенттік реформаларды институционалдық тұрғыдан орнықтыру кезеңі болғанын атап өтті. «Сыртқы ахуалдың күрделі болуына қарамастан, экономика тұрақты өсім көрсетті. Әлеуметтік, инженерлік және жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасты. Сондай-ақ 2025 жыл мемлекеттің ауқымды цифрландыруға және жасанды интеллект технологияларын жаппай енгізуге бағытталған ұзақ мерзімді векторын қалыптастыруымен ерекшеленді. Мемлекет басшысының бірпалаталы парламентке көшу жөніндегі бастамасы саяси институттардың рөлін одан әрі күшейтті», - дейді Мемлекеттік кеңесші. Ерлан Қариннің сөзінше жалпы алғанда, 2025 жылды жекелеген реформалар мен бағдарламалардан Қазақстанның тұтас әрі үйлесімді даму моделіне сапалы көшу кезеңі ретінде сипаттауға болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы елімізді өркендеудің жаңа әрі орнықты күре жолына шығарады. Институционалдық өзгерістердің, экономикалық өсімнің және жаңа қоғамдық этиканың үйлесімі мемлекеттің алдағы тұрақты ілгерілеуіне берік негіз қалайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы