ШҚО-да орманшыларға 140 автокөлік берілді
Жаңа жыл мейрамы қарсаңында шығыстағы орманшыларға автокөлік берілді. Қызметтік көлікпен қатар өрт сөндіретін арнайы құралмен жабдықталған техника да бар. Жалпы саны 140-тан аса автокөлік өңірдегі барлық орман шаруашылықтарына теңдей бөлінді. Бұл еліміздегі орман қорының төрттен үш бөлігі бар аймақ үшін үлкен көмек. Қызметтік көлік пен арнайы техникаларды алуға Өнеркәсіпті дамыту қоры 4 млрд-қа жуық теңге бөлген. Ал облыстық бюджеттен 240 млн теңге қарастырылған. Облыстағы орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында соңғы жеті жылда бюджеттен 2,2 млрд теңге бөлінген.
Тұрсынхан Айтымбетов, Верх-Уба орман шаруашылығының директоры:
Біздің орман шаруашылығына 7 бірлік техника алып жатырмыз. Оның ішінде 3 өрт сөндіру машинасы, 3 трактор және 1 орманда жүретін УАЗ автокөлігі бар. Бұл алдағы уақытта үлкен көмек болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06