Оралда тазалық сақтау туралы жадынама таратылды
Оралда “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында шағын кәсіп иелеріне айналаны таза ұстау туралы жадынама таратылды. Белсенді жастар базар аумағындағы саудагерлерге санитарлық талаптар мен тазалық нормаларын сақтау туралы кезекті рет құлағдар етті. Сондай-ақ кәсіпкерлерге қыста мекеме айналасын қар мен мұздан тазалап, қауіпсіздік шараларын сақтауға үндеді. Жастардан құралған еріктілер тобы жыл бойына акция аясында 900-ден астам іс-шараға қатысқан. Олардың 30-ға жуығы экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы түсіндірме жұмысы мен кездесу түрінде ұйымдастырылған.
Нұрсұлтан Сәрсенбаев, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы:
Осы шаралар қыс бойы жалғасады. Бұдан бөлек жалпы студенттермен, жастармен түрлі мекемелермен түсіндірме жұмысы жүргізіледі. Өйткені “Таза Қазақстан” тек қоқыс жинау емес, бұл – түпсана тазалығы, қоғамның тазалығы. Осы мәселелер бойынша біз идеологиялық бағытта алдағы уақытта да жұмыстанамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06