«Ислам мемлекеті» содырларымен қақтығыс кезінде 7 полицей жараланды
Түркияда «Ислам мемлекеті» жиһадшылар тобының содырларымен қақтығыс кезінде жеті полицей жараланды. TRT Haber телеарнасының хабарлауынша, оқиға елдің солтүстік-батысындағы Ялова қаласында болған. Тәртіп сақшылары қарулы ұйым мүшелері жасырынған үйге рейд жүргізгенде қарсылыққа тап болды. Атыстан зардап шеккен офицерлердің жағдайлары дәрігерлердің бақылауында.
Өткен аптада Түркияда осы топтың 115 мүшесі тұтқындалды. Олар Рождество және Жаңа жыл мерекелері кезінде өзге дін өкілдерін өлтіруді жоспарлаған.
Тағы бір айта кететін жайт, осыдан он жылға жуық уақыт бұрын «Даиш» Түркияда азаматтық нысандарға қарсы талай рет шабуыл ұйымдастырып, ондаған адамды мерт қылғаны белгілі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06