Ыстықкөлдегі елімізге тиесілі демалыс аймақтары жаңартылады
Қазақстан Ыстықкөл жағалауындағы өзіне тиесілі демалыс орындарын жаңартуды қолға алмақ. Мәжіліс бүгін Қырғызстандағы 4 санаторийге қатысты маңызды заңды қабылдады. Бұл нысандар ресми түрде Қазақстанның меншігі болып есептеледі және қазір де жұмыс істеп тұр. 2009 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Қырғызстан аумағындағы жерді 49 жылға жалға алды. Сол уақыттан бері Ыстықкөлдегі демалыс аймақтарын заманауи деңгейге көтеруі тиіс болған. Яғни олар жыл бойы жұмыс істейтін 3–4 жұлдызды қонақүйге айналуы керек еді. Алайда бұл талаптар уақытында орындалмады. Бүгін мәжіліс осыған байланысты Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы келісімдерге өзгерістерді ратификациялады. Енді алдағы 5 жылда Алатаудың ар жағындағы демалыс аймақтарымыз толық жаңартылмақ. Жаңа түзетулер бұл жұмыстарға жеке инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.
Мәди Такиев, ҚР қаржы министрі:
Ыстықкөлдің өзінің клтматына қарап жылына екі-ақ ай пайдалнауға болады. Бірақ бүгінгі таңда біз басқаша қарап жатырмыз. Бұны жыл бойы пайдалануға мүмкіндік болуы үшін ішінде жабық бассейндер болады. Жабық спа зоналар болады. Одан басқа Қырғызстан тарапы да туризмді дамыту үшін бізді қолдап жатыр. Балық аулау, аңшылық сондай профилі болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы