Батыс Қазақстанда мұз ойылып, жүк көлігі суға батып кетті
Батыс Қазақстан облысында жүк тиелген «ГАЗель» көлігі суға батып кетті. Оқиға Шаған өзені тұсындағы Бәйтерек ауданы Октябрьское ауылы маңында болған. Жүргізуші айналма жолмен жүрмей, мұз үстімен төтесінен өтпек болған. Алайда жұқа мұз көліктің салмағын көтере алмаған. Абырой болғанда, жүргізуші дер кезінде көліктен шығып үлгерген. Қасында басқа ешкім болмаған, зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар мұзды кесіп, сүңгуірлер арқанды жүк көлігіне бекітіп, судағы көлікті сүйреп алып шықты. Жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, 13 мың 800 теңге айыппұл салынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06