Пиротехниканы заңсыз саудалағандарға айыппұл салынды
Шығыс Қазақстан облысында мерекеге арналған пиротехникаларды заңсыз саудалаған оннан аса кәсіпкерге айыппұл салынды. Өңірдегі полиция мен төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері арнайы рейд жүргізіп, 60 қорап мерекелік отшашу тәркіледі. Тәркіленген пиротехникалардың ешқайсында арнайы сертификат болмаған. Облыс орталығында жаңа жылдық тауардың осы түрін саудалайтын 4 сауда орнының ғана рұқсат құжаты бар екені анықталды. Құзырлы органдар өңірдегі дүкен мен базарларға қаңтар айының соңына дейін рейд жүргізеді. Ал денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2025 жылғы жаңа жылдық мейрам кезінде жалпы Қазақстанда 63 адам пиротехникадан зардап шексе, оның 20-сы бала. Сондықтан төтенше жағдай қызметкерлері мерекелік отшашуды тек нұсқаулық бойынша қолданып, ережені қатаң сақтауды ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы