Ресейде алаяқтарға жаза күшейеді
Ресейде алаяқтықтың саны артып, қарапайым тұрғындар 295 миллиард рубльге алданған. Тек соңғы жарты жылда бір миллион тұрғын телефон арқылы алаяқтарға ақшасын аударып жіберген. Одан бөлек, тұрғын үй сатып алу кезінде де алдау фактілері көбейген. Сонымен қатар алаяқтардың нұсқауымен банктен несие алып, қарызға батқан ресейліктердің саны былтырғыға қарағанда 40 пайызға өскен. Сондықтан енді банктер 50 мың рубльден жоғары несиені беру үшін төрт сағат, 200 мың рубльден жоғары несие үшін 48 сағат үзілістен соң ғана ақшаны аударады. Енді алаяқтарға жаза қатаңдатылады. Оңай жолмен ақша тапқысы келгендер 500 мың рубль айыппұл арқалап, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Константин Крохин, заңгер:
Негізі тұрғындар алаяқтардан қорғалмаған. Оларда азаматтар туралы барлық мәлімет бар. Сондықтан сот жүйесіне де өзгерістер керек. Қазір алаяқтықтардың арбауына түсіп, әлділдікке қол жеткізе алмай жүргендер көп. Соңғы жылда алаяқтықтың түрі артты. Онымен күреске баса назар аударған жөн. Себебі көбіне зейнеткерлер алданып жатады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06