Ұлыбританияда жастар әскери даярлықтан өтеді
Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі 2026 жылы мектеп түлектерін әскери даярлықтан өткізіп, қарулы күштегі кадр тапшылығын шешуді жоспарлап отыр. Жобаға жоғарғы оқу орындарына түспеген 25 жасқа дейінгі жастар да ерікті түрде 12 айға тартылады. Алғашқы өтінімдер алдағы жылдың көктемінде қабылдана бастайды. Бастапқыда әскери даярлықтан 150 үміткер ғана өткізілмек. Бірақ кейін олардың санын 1000-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Тыңдаушыларға жалақы төленеді, алайда оның нақты мөлшері әзірге жарияланған жоқ. Билік бұл бастаманы 10 жылдан астам уақыттан бері жүзеге асырып келе жатқан Австралиядан үйренуде. Айта кету керек, Ұлыбританияда бүгінде міндетті әскери қызмет жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06