Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әскери-патриоттық жұмысты күшейтуді тапсырды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты. Ерлан Қарин президент Қасым-Жомарт Тоқаев желтоқсан айының басында Қарулы күштердегі, басқа да құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде жиын өткізгенін айтты. Оның қорытындысына сәйкес, мемлекет басшысы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, армиядағы тәрбие жұмысын жетілдіруге қатысты тапсырмалар бергеніне назар аударды. Жастарды Отанға қызмет етуге ынталандыратын тың форматтар, қоғам мен Қорғаныс министрлігі арасындағы ашық байланыс және ортақ іс-қимыл жоспарына басымдық беру негізгі бағыт екенін еске салды. Қорғаныс министрлігі жанындағы кеңесте министрлер мен өңір басшылары бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша Ерлан Қарин мемлекеттік органдарға тапсырмалар берді. Әскери-патриоттық тәрбие саласындағы жұмыс тәсілдерін жетілдіруге жауапкершілікпен қарау керек екенін ескертті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы