Әлем жаңалықтарына шолу
Желтоқсанның 28-де АҚШ президенті Дональд Трамп Флоридадағы резиденциясында Украина басшысы Владимир Зеленскийді қабылдайды. Мұны бүгін Американың Axios газеті хабарлады. Зеленский мәлімдегендей, соғысты тоқтату жолында жаңа жылға дейін көп мәселе шешілуі мүмкін.
Президент Владимир Путин Ресей әскері Украинада басып алған территорияларды соғысты тоқтату жоспары аясында айырбастауға дайын екенін аңғартты. Бұл туралы ақпаратты бірер сағат бұрын «Коммерсантъ» газеті таратты. Дегенмен, басылым дерегінше, Кремль Донбассты түгел иелену ниетінен бас тартпақ емес.
АҚШ әскері Нигерияның солтүстік-батысында «Ислам мемлекеті» жиһадшылар тобына соққы берді. Ақ үйдің мәлімдеуінше, «Даиш» содырлары нақақтан-нақан христиандарға шабуыл жасап, оларды асқан қатыгездікпен өлтірген.
Оңтүстік Кореяның арнайы прокуроры экс-президент Юн Сок Ёлды 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. «Йонхап» агенттінің хабарлауынша, былтыр желтоқсанда әскери режим енгізгені үшін биліктен аластатылып, бірталай айып тағылған бұрынғы мемлекет басшысына қатысты сот үкімі қаңтардың 16-да жариялануы мүмкін.
Cолтүстік Корея алдағы бес жылда өзінің зымырандық бағдарламасын жетілдіре түспек. Мұны осы елдің лидері Ким Чен Ын оқ-дәрі шығаратын ірі кәсіпорындарда аралағанда мәлімдеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы